(1:55 / 12.13Mb / )

Италиядан махаббатпен: бес минуттық "Капрезе" пиццасы

19
Тоғызыншы ақпан – халықаралық "Пицца" күні. Қытырлақ нан, балқытылған ірімшік пен дәмді черри бір-бірімін тамаша үйлесіп, тағамға қайталанбас дәм сыйлайды. Sputnik Қазақстан тілшісі мереке құрметіне "Rafe Coffee&Food" кафесінде түскі ас ішіп, керемет "Капрезе" пиццасының әзірлеу тәсілін біліп қайтты.

Шамамен XVII ғасырда пайда болған пицца дүниежүзіндегі талғампаздардың жүрегін мәңгіге жаулап алған. Күнделікті шуақты Италия дәмі миллиондаған адамның дастарханынан табылады. Пицца әзірлеу шебері Нұржамал Тілеуғабылованың сөзіне сүйенсек, дәмді итальян пиццасын өз үйімізде де бес-ақ минут ішінде пісіруге болады, ең бастысы, шын ықыласпен жасалса болғаны!

Ингредиенттер:

  • Қамыр – 250 г
  • Моцарелла – 150 г
  • Соус – 120 г
  • Черри – 8-10 дана
  • Базилик жапырағы 

Соусқа қажетті тағамдар:

  • Тартылған қызанақ (мәселен, Mutti Polpa) – 3 ас қасық 
  • Зәйтүн майы – 5 г
  • Базилик – 5 г
  • Тұз – 1 г
  • Қант – 2 г

Нұржамалдың айтуынша, қамыр илеу әдісі құпия болып табылады. Дей тұрғанмен, пицца шебері кейбір айла-амалдармен бөлісіп үлгерді: пицца наны майлырақ болуы үшін ашытқы және ұн қоспасына майды көбірек қосу керек, ал жұмсақ болсын десеңіз сүт құйыңыз. 20 грамм тұз бен 15 грам қант қамырды күйіп кетуден сақтайды.

Пицца әзірлеу әдісі

Дайын қамырды диаметрі 30-35 см етіп дөңгелетіп жаямыз. Сосын бетіне соус жағамыз. Қамырға моцарелла тілімдерін, черри қызанағын салып, үстінен базилик жапырақтарын себеміз. Пиццаны пеште 5-10 минут пісірсеңіз жеткілікті! Дәмі тіл үйіретін "Капрезе" дайын. Bon Appetit!

19