Теңдессіз ерекше мешіт ашылды

Жазылу
Мешітті салуға 40 миллион доллар бөлінген

Германияның Кельн қаласында Орталық мешіт ашылды. Бұл тек мешіт қана емес, бірегей мәдени орталық, ол мұсылман және христиан мәдениеттері арасындағы көпірге айналуы тиіс.

Мешіттің аумағы 4500 шаршы метр, оған төрт мыңға дейін адам сыяды. Ішінде сондай-ақ кітапхана, музей, ислам мәдени орталығы, намазхана және мейрамхана бар кешенді салуға 40 миллион доллар бөлінген. Жобаны діни істер жөніндегі түрік мемлекеттік басқармасының филилы қаржыландырған. Бұған қоса, банк несиесі мен 884 мұсылман қауымдастығының қаржысы есебінен салыныпты.

Мешіт осман сәулет үлгісі бойынша бой көтерген. Шыны күмбезді мешіттің екі мұнарасының биіктігі 55 метр. Кешеннің сәулетшісі — Пауль Бём.

Кешеннің мейрамхана, холл және дүкен секілді қосымша бөлімдері барлық дін өкілдері үшін ашық болады.

Кельндегі орталық мешіт Германияда ғана емес, бүкіл Еуропадағы ең үлкен және бірегей Алла үйі болмақ.

Айта кетейік, Кёльнде 125 мың мұсылман тұрады. Соңғы халық санағына сүйенсек, Германияда 4,5 миллион мұсылман бар.

Жаңалықтар
0