(0:46 / 6.35Mb / )

Италиялық аспаздар Рождество мерекесіне орай иттерге торт пен тәтті тоқаштар әзірледі

15
(Жаңартылды 18:19 29.11.2017)
Наубайхана иесі иттерге ерекше тағам әзірлегісі келіп, осындай шешім қабылдаған екен
15

Ең ақылды үй жануарлары: ішек-сілеңді қатыратын видео!

1206
Үй жануарларының қылықтарына еріксіз езу тартпай қоймайсың. Оның үстіне өздері сондай ақылды!

Иттер, мысықтар, тотықұстар — адамдар үй жануарлары мен құстарына қамқорлық жасап, оларды отбасы мүшесіндей жақсы көреді.

Хайуанаттар да оларға сондай сүйіспеншілікпен қарап, қуаныш-қайғысын бірге бөліседі. Уақыт өте келе көп нәрсеге бейімделіп, ақылдылық танытатын кездері болады.

Мысық әлемдік хит әнді орындады - видео

Мына видео дәл сондай жайттардың куәсі!

Осындай қақаған аязда, мәз болып күліп, бір жылынып қаласыздар. Демалыс көңілді өтсін!

1206
Кілт сөздер:
видео, жануарлар әлемі
Тақырып бойынша
Қыста асыр салған үй жануарлары жұртты күлкіге қарқ қылды - видео
Арыстан ұйқыдағы "сүйіктісін" оятамын деп бәлеге қалды - видео
Отшашумен ойнағысы келген бала көшенің астан-кестенін шығарды - видео
Паркті аралап жүрген туристер жігіттің азапты өліміне куә болды – видео

Жылан итті тұншықтырды, балалар көмекке ұмтылды. Оқиға немен аяқталды видео

2820
(Жаңартылды 10:40 29.01.2019)
Видеоны тыныш отырып көру мүмкін емес: алып жылан итті орап алды, аянышты күйге түскен үй жануары қыңсылап жатыр

Ер адам мен сегіз-тоғыз жастағы екі бала итті құтқаруға ұмтылған. Ер адам жыланның басын басып тұрып, ұстап алады. Қатты қорқып кеткен балалар ересек адамға көмекке келеді.

Олар итті босату үшін жалаң қолмен жыланның сақинасын ашады.

Текетірес немен аяқталғанын видеодан көріңіз. 


2820
Кілт сөздер:
питон, ит, жабайы аңдар, видео
Тақырып бойынша
Қоңыр аю өзінің туысын кірекейді ренжіткені үшін талап тастады – видео
Алматы зообағында сәби қауіпті жыртқышпен ойнады – елдің жағасын ұстатқан видео
Мысық әлемдік хитті орындады – күлкілі видео
Тасбақа, кесіртке мен қояндардың бас қосуы желіні жарды - видео
Аққұтан қолтырауынның арқасына қонып алыпты – күлкілі видео
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

4
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

4
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео