Әлем

Фидель Кастро қайтыс болды

© AP Photo Фидель Кастро
Фидель Кастро - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кубалық революционер Фидель Кастро 90 жаста қайтыс болды.

АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі Куба көшбасшысы Руаль Кастроға сілтеме жасай отырып. 

Фидельдің өлімі туралы сондай-ақ, кубалық телевидениеден хабарлаған, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Фидель – кубалық революционер, мемлекеттік және саяси қайраткер 1926 жылғы 13 тамызда дүниеге келген. 1976 жылғы желтоқсаннан бастап, 30 жыл бойы Мемлекеттік кеңес пен Куба министрлер кеңесінің төрағасы, Революциялық қарулы күштерінің бас қолбасшысы және елдің ұлттық қорғаныс кеңесінің төрағасы болған. 

Денсаулығының нашарлауына байланысты 2006 жылғы 31 шілдеде  Мемлекеттік кеңес және Куба министрлер кеңесінің төрағасы міндеттері мен өкілеттіктерін өзінің бауыры Рауль Кастроға берген. 


Жаңалықтар
0