Тайфун, маяк

Тайфунның жақындауына байланысты Қытайдың оңтүстігінде қауіптің "сары" деңгейі жарияланды

19
(Жаңартылды 10:56 28.11.2016)
Тайфун Оңтүстік Қытай теңізінде тіркелген, жылдамдығы сағатына 5-10 километр.

АСТАНА, 27 қар – Sputnik. Қытайдың мемлекеттік обсерваториясы жексенбі күні елдің оңтүстік жағалауын шарпитын "Токагэ" ("Сеху" – қыт. "кесіртке") тропикалық тайфунының жақындауына байланысты қауіптің "сары" деңгейін жариялады деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

"Токагэ" Оңтүстік Қытай теңізінде жергілікті уақыт бойынша сағат 5:00-де тіркелген және солтүстікке қарай сағатына 5-10 километр жылдамдықпен қозғалып барады.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбіден бастап тайфун бағытын өзгертіп, оңтүстік-батысқа қарай беттейді де, күшін жоғалта бастайды. Табиғи күштің әсері жағалауға жақын орналасқан Чжэцзян, Фуцзянь, Гуандун, Хайнант провинцияларына, сондай-ақ Гуанси-Чжуан автономды ауданына тиеді.

Синоптиктер жергілікті билік өкілдерін тиісті шара қолдануға, ал теңіздегі кемелерді порттарға қайтуға шақырады.

19