Әлем

"Дордой" Бішкек базарында шатыр құлады

© Sputnik / Михаил Дудин"Дордой" Бішкек базарында шатыр құлады
Дордой Бішкек базарында шатыр құлады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бішкек әкімшілігінің баспасөз-қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар жоқ, үш адам зардап шекті.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. "Дордой" базарының орталық өткелінде адамдарға шатыр құлап кетті деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қырғызстан агенттігіне.

Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнына дәрігерлердің екі бригадасы аттанған. Сондай-ақ милиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Қала әкімшілігінің баспасөз-қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар жоқ, үш адам зардап шекті. 

Оқиға базардың солтүстік бөлігінде орын алған. 


Жаңалықтар
0