Әлем

Трамп өзінің ұлықтау рәсіміне қарапайым адамдардың қатысқанын қалайды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трамп АҚШ-та өткен сайлауда көптеген танымал адамдар қолдау білдірген Хилари Клинтонды жеңді.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың ұлықтау рәсімі 2017 жылғы 20 қаңтара өтеді. 

Онда Трамптың мәлімдемесіне сәйкес, ол танымалдарды емес, қарапайым адамдарды көргісі келді, деп хабарлайды РИА Новости. 

"А" тізіміндегі танымалдардың барлығы менің ұлықтау салтанатыма билет қалайды. Бірақ олар Хилариге (Клинитон) не істеді, ештеңе. Мен адамдарды қалаймын", — деп жазды Трамп өзінің Twitter желісіндегі парақшасында. 

Осылайша ол, АҚШ-тың танымал адамдарының көпшілігі сайлауда Демократиялық партия атынан сайлауға түскен оның қарсыласы Хилари Клинтонды қолдағандарын, алайда оның жеңіліп қалғанын меңзеді.  

Трамп 8 қарашада өткен сайлауда жеңіске жетті. 


Жаңалықтар
0