Францияның солтүстік батысындағы Фламанвиль АЭС

Франциядағы АЭС-те жарылыс болды

10
Франциядағы АЭС-те жарылыстан кейін радиоактивті қауіп жоқ

АСТАНА, 9 ақп – Sputnik. Францияның солтүстік батысындағы "Фламанвиль" АЭС-тің машина залында жарылыс болды, радиоактивті заттардың тарау қауіпі жоқ, жеп хабарлайды РИА Новости Ouest France газетіне сілтеме жасай отырып.  

Жарылыс жергілікті уақытпен сағат 10.00 (Астана уақытымен 15.00) шамасында орын алды. Оқиға орнына төтенше қызметтер келіп жетті. 

Басылымның хабарлауына сәйкес, алдын ала болжам бойынша жарылыс салдарынан зардап шеккендер болуы мүмкін, алайда олардың саны әзірге белгісіз. 


10