Массаж сеансы

Зейнеткер массаждан кейін қайтыс болды

151
(Жаңартылды 19:47 28.03.2017)
Массаж бен емдік гимнастикадан кейін зейнеткер ауруханаға түсіп, көз жұмды

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Беларусь қаласы Гроднода қарт әйел массаж сеансында алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады қалалық ІІБ Sputnik Беларусь агенттігіне.

89 жастағы зейнеткерге массаж қажет болып, маманның көмегіне жүгінген екен. 

"Массаждан бөлек, емдік гимнастика да жасалыпты. Бұл шаралардан кейін қарт әйелдің денсаулығы одан сайын нашарлап, ауруханаға түседі де, көп ұзамай қайтыс болады", — деп хабарлады ІІБ.

Сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша, емдік шаралар салдарынан зейнеткердің бірнеше сүйегі сынған. 

Тиісті білімі мен лицензиясы жоқ 37 жастағы маманға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.

151
Загрузка...