Аялдама

Қоғамдық көлікте енді ер адамдар аяқтарын жинап отыруы тиіс

118
(Жаңартылды 14:27 09.06.2017)
Ер адамдарға қоғамдық көлікте аяғын алшақ қойып, жайылып отыруға тыйым салынды

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Испания астанасы Мадридтің көлік басқармасы ер адамдарға қоғамдық көлікте аяғын алшақ қойып, жайылып отыруға тыйым салады, деп жазады The Local басылымы.

Муниципалды көлік компаниясы жариялағандай, жаңа ережелер мен ақпараттық хабарландырулар барлық пойыздарда, метро мен автобустарда енгізілетін болды. Науқанның басты ұраны — "Өзгелерді құрметте".

Осылайша, Мадрид Нью-Йорк сияқты ірі қалалардың соңынан ілесіп, осындай ереже енгізуге шешім қабылдады.

118