Әлем

Трамптың шешімімен биыл Ақ үйде Ораза айтқа орай қонақасы берілмейді

© REUTERS / CARLOS BARRIAДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айт мейрамына орай жайылатын салтанатты дастархан сонау 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан болатын

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп қасиетті Ораза айт мейрамына орай жиырма жылдан бері Ақ үйде беріліп келе жатқан салтанатты қонақасын жоспардан сызып тастады, деп хабарлайды muslim.kz.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп әлемдік көшбасшыларға телефон нөмірін берді

Басылымның жазуынша, айт мейрамына орай жайылатын салтанатты дастархан сонау 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан болатын.

Сайлау алдындағы халыққа берген уәдесінде Дональд Трамп Ораза айт мейрамын тойлаудың ешқандай ерсілігі жоқ екенін айтқан болатын. Дегенмен, АҚШ президенттігіне сайланысымен Трамптың мұсылмандар құқығына қарсы бірнеше бұйрық шығарып үлгергені белгілі.

Атап айтқанда, Дональд трамп бұйрығы бойынша бірнеше мұсылман мемлекетінің азаматтарына АҚШ аумағына кіруіне тыйым салынды. Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаментінде бірнеше жыл бойы үзбей өткізіліп келе жатқан ауызашар дастарханы да биыл жайылмады. Бұл жайында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мәлім етті.

Жаңалықтар
0