Әлем

Өзбекстанда үш адам әжетханада тұншығып өлді

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар әжетхананың шұңқырына түсіп кеткен телефонды алып шықпақ болған

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. Өзбекстанның Наманған облысында 3 адам жер үйлердің біріндегі әжетхананың шұңқырындағы нәжіс газына уланып өлді, деп хабарлайды Спутник Өзбекстан. 

Намаган облысының тұрғыны әжетхананың шұңқырына Samsung Galaxy J7 смартфонын түсіріп алады да, екі жұмысшыдан телефонды алып беруді өтінеді. 

Әжетхананың шұңқырына түскен олар естен танып қалады. Гаджет иесі әйел ауылдың дәрігерін көмекке шақырады. Ол тұншығып қалғандарға көмектесемін деп, өзі де әжетханада уланып, есінен танады. 

Шұңқырға түсіп кеткендерді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері алып шығады. Зардап шеккендердің бәрі де көз жұмды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Жаңалықтар
0