Әлем

Трамп АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы ядролық қару қолдануға дайын екендігін мәлімдеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАқ үй
Ақ үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше Солтүстік Корея сутегі жарылғыш затын сәтті түрде сынақтан өткізгенін жариялаған

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдегендей, Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореядан қорғану мақсатында ядролық қару қолдануға даяр.Бұл туралы Дональд Трамп Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен телефон арқылы сөйлескенде айтты. Тараптар Солтүстік Корея 3 қыркүйекте жүзеге асырған ядролық сынақты талқылаған болатын, деп хабарлайды РИА Новости.

"Президент Трамп АҚШ-тың өз аумағы мен одақтастарын қорғауға міндеттілігін атап өтіп, дипломатиялық амал-шараларды, қарапайым және ядролық мүмкіндіктерді қолданатын растады", — делінген Ақ үйдің баспасөз хабарламасында.

Жексенбі күні Солтүстік Корея сутегі жарылғыш затының сәтті түрде сынақтан өткізілгенін мәлімдеді. Сынақты өткізуге Солтүстік Корея мемлекеттік басшысы Ким Чен Ын бұйрық берген.

Жаңалықтар
0