Әлем

Филиппин жағалауынан белгісіз теңіз жануарының денесі табылды

© AFP 2024 / Eloisa Lopez Филиппин
Филиппин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он метрлік құбыжық Филиппин жағалауынан өлі күйінде табылған

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Филиппин араладарының бірі Лейтте ұзындығы он метрге жуық ерекше теңіз жануарының денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Metro басылымына сілтеме жасап.

Таңғажайып құбыжықтың өлі денесін Маасхин қаласының тұрғыны Нухнух Капистрано жағажайда серуендеп жүріп, көріп қалған. Басылымның мәліметінше, белгісіз теңіз жануарының денесінің ұзындығы он метр.

​"Жағажайдың жанынан өтіп бара жатып, жануарды суретке түсірдім, орасан зор денесі таңғалдырды", — дейді 42 жастағы ер адам.

Зерттеушілер мұның қандай жануар екенін біле алмай отыр. Жергілікті балық және су ресурстары бюросының өкілі Джулиус Альпиноның пайымдауынша, толқындар киттің бұзылып кеткен денесін жағаға шығарып тастаған, бірақ оның пікірімен көпшілік келіспейді.

Жергілікті билік өкілдері жануардың денесі тұрғындарға қауіп төндірмесін деп ашық теңізге сүйреп апарып тастады.

Жаңалықтар
0