Әлем

Қазақстанның Бішкектегі елшілігінің жанында тағы да митинг өтті

© Photo : Улан БабаназаровҚазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің жанында митинг өткізген адамдар
Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің жанында митинг өткізген адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ дипломаттары митингке шыққандардың талабын ел билігіне жеткізуге уәде берді

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі ғимаратының жанында бүгін митинг өтті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 

Митингке шыққандардың бірі Тұрсынбек Акунның айтуынша, акцияға 70-80-ге жуық адам қатысты. Олармен елшілік өкілдері кездесті.   

қамыр, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қырғызстан Қазақстаннан ұн әкелуге тыйым салды
"Біз 5 қарашаға дейін шекарадағы проблеманы шешуді сұрадық. Олай болмаған жағдайда Қырғызстан үкіметінен ЕАЭО-дан шығу туралы мәселе көтеруді талап етеміз. Қазақ дипломаттары біздің талабымызды өз елдерінің билігіне жеткізуге уәде берді", — деп атап өтті Акун.

Митинг бір сағатқа созылды.  

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы қарсылық акциясы 26 қазан күні Қазақстан елшілігінің жанында өткен болатын.   

Жаңалықтар
0