Зертхана

Ғалымдар қандай жеміс-жидектер қатерлі ісіктің алдын алатынын айтты

1379
(Жаңартылды 16:46 05.11.2017)
Ағылшын ғалымдары ішек-қарын жолының көптеген ауруын, оның ішінде қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін жаңалық ашты

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik.  Уорик университетінің ғалымдары қабыну мен жасушаішілік процестердің арасындағы бұрын белгісіз болған байланысты анықтады, ол  ішек-қарын жолының көптеген ауруын, оның ішінде қатерлі ісіктің алдын алуға және емдеуге көмектесуі мүмкін. Зерттеу Nature журналында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар аутофагия жасушаішілік механизмі – өзінің зиянды және зақымданған элементтерінің жасушаларын жұтып қою жүйесі бұзылған жағдайда қабынуға әкелетінін дәлелдеді. Бұл жаңалық тік ішек пен ішек-қарын жолы ауруларын емдеуі және алдын алуы мүмкін.  

Бірқатар азық-түлік аутофагия процесінің жұмысына оң ықпал етіп, қабыну процестері мен ішек-қарын жолы ауруларын алдын алуға көмектеседі. Оның қатарында анар, жүзімнің қызыл сұрпы, алмұрт, саңырауқұлақ, жасымық, соя және жасыл бұршақ бар.  


1379
АҚШ-тағы тәртіпсіздік

АҚШ-тағы жаппай тәртіпсіздікке Ресейді кінәлау кімге тиімді?

109
(Жаңартылды 10:51 03.06.2020)
Саясаттанушылар наразылықтың астарынан "Ресейдің ізін" іздеуді биліктің ішкі қарама-қайшылықтарды мойындамай отырғанымен байланыстырады

АҚШ-та жаппай тәртіпсіздікке Мәскеу арандатып отыр, ал шеруге шыққандар "орыс әдістемесіне" сүйеніп полиция учаскелерін талқандап жатыр. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесші Сьюзан Райс Ресейге осындай айып тақты. Дәлел ретінде ол өзінің тәжірибесі мен түйсігіне сенетінін алға тартты. РИА Новости тілшісі америкалықтардың әр істен "Ресейдің ізін" іздейтінін талдап көрді.

Наразылықтан тонауға дейін

Лос-Анджелестегі сауда орталықтары карантинге жабылған. Калифорния билігі оларды маусымда ашуды жоспарлаған болатын. Алайда бірінші болып оны мародерлер (тонаушылар) жасады. Қазір есігі сынған элиталық дүкендердің сөрелері бос тұр. Ойран салғандар тұрмыстық техника, киім-кешек пен жиһаз, тіпті тамаққа дейін әкеткен. Полиция тікұшақ арқылы бүлікшілерді тоқтатуға тырысты, жоғарыдан су төкті. Бірақ жиналғандар тарай қоймады.

Полиция қызметкерлері ұстаған афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылық танытқандар Миннеаполис, Вашингтон, Сан-Франциско, Портленд, Майами, Индианаполис, Филадельфия, Атлантта өрши түсті. Қайғылы оқиғаға тікелей қатысы бар адам қызметінен босатылды әрі қазір тергеуге алынды. Алайда наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларын жазалуды ғана емес, АҚШ-та нәсілшілдікке қатысты жүйенің аяқталуын талап етіп отыр. Олар "әділдік жоқ болса – бейбітшілік те жоқ! Полицияның бассыздығына жол жоқ!" деп айғайлап жатыр.

Қолдарына Флойдтың өлім алдында айтқан "Дем жетпей жатыр" деген сөзі жазылған плакат ұстап шықты. Жүздеген адам тас жолға жатып, оның соңғы сөзін қайталады. Бейбіт шеру тез арада қақтығысқа, кейін жаппай тәртіпсіздік пен тонауға ұласты.

Ірі қалаларда енгізілген комендаттық сағат көмектеспеді. Вашингтонда наразылық білдіргендер Ақ үйді қоршап алып, ішіне кіруге тырысты. Нью-Йоркте бір топ адам тас атып, жиырма полиция көлігін өртеп жіберді. Портлендте олар сот ғимаратын отқа орады.

Азаматтық қоғамға төнген қауіп

Бастапқыда АҚШ-та көптеген адамдар демонстранттарға қызыға қарады. Жергілікті билік бастапқыда арандатушыларға назар аудармауға тырысты, полицейлерді күш қолданбауға шақырды. Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тез тұтанғыш қоспасы бар шөлмектер ұшқан кезде шыдамдылық танытып тұра алмады.

Миннесота губернаторы Ұлттық гвардияны штатқа енгізді, әскери көмек Лос-Анджелеске де жетті. Олар көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтар қолданды.

"Миннеаполисте болған жағдай Флойдтың өліміне байланысты емес. Ойран салу азаматтық қоғамға қауіп төндіреді және үрей тудырып, қала өміріне кедергі келтіреді", – деді губернатор Тим Вальц.

Дональд Трамп жағдайға одан да қатаң баға берді. Президент Флойдтың өлімін "америкалықтардың үрейін тудырып, қайғыға душар етті және ашу шақырған трагедия" деп айтты.

Жексенбіде қауіпсіздік қызметі мемлекет басшысын Ақ үйдің жер асты бункеріне жіберді. Ол жерден қауіп сейілгеннен кейін ғана шыға алды.

Кінәліні іздеу жолында...

Тәртіпсіздік болған жерден дереу "Ресейдің ізі" табыла кетті. "Өткен сайлауалды науқанда да ресейліктер қара белсенді болып шыға келді. Олардың тәртіпсіздікке қатысы бар", – деп хабарлады CNN телеарнасының эфирінен Жаңа Орлеан мэрі Марк Мориал. Алайда 2016 жылы өткен сайлауға Ресейдің еш қатысы жоқ екені бірнеше жылдық тергеуден кейін расталмағаны жайлы тіс жармады.

Бірнеше күн өткен соң бұл эстафетаны Барак Обаманың ұлттық қауіпсіздік әкімшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс іліп әкетті. Ол да CNN телеарнасынан жаппай тәртіпсіздік "ресейлік әдіс бойынша" әрекет етті деп болжады.

"Бейбіт демонстранттар бар. Олар әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы шығады. Бірақ наразылықтарды күн тәртібінде ұстауға тырысатын арандатушылар да бар. Менің тәжірибем маған тактикалық схемалардың орыс әдісі бойынша әрекет ететінін айтады", – деді Райс.

Ресейдің қатысын іздестіруге тырысқан америкалық БАҚ Мәскеудің атына тағылған тағы бір айыптауды еске алды. Бірнеше жыл бұрын Вашингтон ресейлік хакерлер Black Lives Matter қозғалысын қолдайды деп мәлімдеді. Оның белсенділері де полицейлердің озбырлығына қарсы шықты.

Осы тұста Трамп та шетте қалған жоқ. Президент "Ресей ізі" туралы пікірталасты сынға алды. Мемлекет басшысы CNN телеарнасы мұны рейтинг үшін жасап отыр деген болжам жасады.

Мәскеу де үнсіз қалмады. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің "Америка ісіне ешқашан араласпағанын және қазір де араласпайтынын" алға тартты.

Американың поляризациясы

Американың қоғамы өте қатты поляризацияланған. Еуропалық және халықаралық кешенді зерттеулер орталығы ҰЗИ ЭЖМ директорының орынбасары Дмитрий Суслов наразылықтың жаппай сипатын былай деп түсіндірді.

"Америкалықтардың бір бөлігі либералды құндылықтарды ұстанады, бір бөлігі консервативті. Эмиграцияны жақтаушылар бар, арасында Мексикамен ортаны бөліп тұратын шекараның құрылысына қолдау білдіреді. Бұған глобалистер мен протекционистер қақтығысын қосыңыз. Миннеаполистегі оқиға нәсілдік мәселені еске салды. Ақтар өмірге біте қайнасып кетті, ал қара нәсілділер қоғамның толыққанды бір бөлігі бола алмады", – деді Суслов РИА Новости агенттігіне.

Саясаттанушы "Ресейдің ізін" іздеуді биліктің ішкі қарама-қайшылықтарды мойындамай отырғанымен байланыстырды.

"Америкалық элита қоғам сау деп санайды. Барлығын Трамп пен орыстар бұзады. Егер Трампты алып тастап, "Ресей ізін" жойса, ел қалпына оралады. Бірақ қалалардағы шерулер бұл норманың бұрыннан жоқ екенін көрсетеді. Ешкім де күрделі реформалардың қажеттілігін мойындамайды", – деп пайымдайды Суслов.

Саясаттанушы Райстың мәлімдемесін сайлау алдындағы науқан деп қабылдау керек екенін айтты.

"Бұрынғы шенеунік Джо Байденнің командасына кіруді жоспарлап отыр деп болжауға болады. Мәскеу атына айып тағу – бұл Кремльмен бірге әрекет ететін Трампқа жасалған демократтар қысымының жалғасы", – дейді сарапшы.

109
Кілт сөздер:
Ресей, АҚШ
Мария Захарова

Захарова АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейді айыптағандарға жауап берді

232
Сонымен қатар Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының ресейлік тілшіге көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген айыптаулар ақпараттық айла-амалдың лас әдісіне жатады, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райс ешбір дәлел келтірмей-ақ, Америкадағы тәртіпсіздіктің артында Ресей тұруы мүмкін деп мәлімдеді.

Бұл сөздерді Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова "ақпараттық айла-амалдың лас әдісі" деп бағалады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол АҚШ-тағы орыс тілді "әлеуметтік желілер" сол елде тіркелгенін және оның бәрі де заң жүзінде реттелетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ресейдің сыртқы істер министрлігі Миннеаполис полициясының РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді пайдаланылуына қатысты пікір білдірді. 

"Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған АҚШ-тағы наразылық акцияларын жариялау кезінде полицияға қатысты зорлық-зомбылық пен журналистерге қатысты негізсіз ұстанымдардың көбеюіне алаңдаушылық білдіреміз. Біз қызметтік куәлігін көрсетсе де, АҚШ құқық қорғау органдарының арнайы құралдарды – резеңке оқ пен көзден жас ағызатын аэрозольді БАҚ өкілдеріне қарсы қолдануын өрескел қателік деп санаймыз", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік журналистердің қауіпсіздігі мен кедергісіз қызметін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық міндеттемелерді де еске салды.

"Америкалық құзырлы органдар оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тергеу жүргізеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар тиісті халықаралық құрылымдар мен адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдарды осы озбырлықты жауапсыз қалдырмауға шақырамыз", – делінген ақпаратта.

Көзден жас ағызатын газ қолданылды

Миннеаполис полициясы жаппай наразылық туралы оқиға орнынан хабар таратып жүрген журналистерге, оның ішінде VICE телеарнасының түсіру тобы мен РИА Новости тілшісі Михаил Тургиевке көзден жас ағызатын спрейді әдейі қолданғаны туралы хабарланған болатын.

Кейіннен осы сәттің видеосы интернетте жарияланды.

Көп ұзамай Миннесота губернаторы Тим Уолц құқық қорғау органдарының қызметкерлері шабуыл жасаған БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады.

Ал зардап шеккен Михаил Тургиев болса, оқиғадан кейін: "Бәрі қалпына келді, көру қабілетім бұзылған жоқ", – деп өзінің жағдайынан хабардар етті.

Наразылық неден өршіді?

Миннеаполис пен АҚШ-тың тағы бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздік 25 мамыр күні афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталды.

Полицейдің жерде жатқан Джордж Флойд есімді азаматтың мойнын тізесімен басып, тұншықтырып жатқаны түсірілген видео интернетте кеңінен таралды. Ол ауа жетпей, өзін нашар сезініп жатқанын айтқанымен, полицейлер оны босатпайды. Кейін Джордж Флойд реанимацияда қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та Қазақстаннан көшіп барған жасөспірімді тапа-тал түсте өлтіріп кетті

Ал 29 мамыр күні Флойдты ұстаған полиция қызметкері қамауға алынды. Оған абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Тағы төрт адам жұмыстан босатылды.

Осы оқиғадан кейін ел аумағында жаппай тәртіпсіздіктер басталды.

Демалыста Миннеаполис пен көршілес Сент-Пол қаласында коменданттық сағат жарияланды.

232
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

3
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

3
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео