Әлем

Зимбабве әскері ел президентін тұтқында ұстап отыр

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуРоберт Мугабе
Роберт Мугабе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, Мугабе отставкаға кетуге дайындалып жатыр

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Зимбабве әскерилері ел президенті Роберт Мугабе мен оның күзетшілерін тұтқында ұстап отыр, деп хабарлайды News24.

Басылымның ақпаратынша, Мугабе отставкаға кетуге дайындалып жатыр, сондай-ақ ол әйелімен бірге елден кету үшін армиямен алдын ала келісіп қойған. 

Әбден тойдым  - Саакашвили Украинадағы жемқорлықпен ұрлық және отставка туралы - Sputnik Қазақстан
Видео
Әбден тойдым - Саакашвили Украинадағы жемқорлық, ұрлық және отставка туралы
Бұған дейін Зимбабвенің әскери бөлімдерінен Хараре жағына қарай бронетехника колоннасы шыққаны туралы ақпарат түскен болатын. Сонымен қатар, әскерилердің телеорталықты басып алғаны, ел астанасында жарылыстар болғаны туралы бейресми ақпараттар тарады. 

Әскерилер өздерінің әрекетін «қылмыскерлерге» қарсы бағытталған іс-қимыл деп түсіндірді. 

Қараша айының басында 93 жастағы Мугабе мемлекет басшысының ізбасары саналған және әскерилердің қолдауына ие болған орынбасары Эммерсон Мнангагваны жұмыстан шығарды.


Жаңалықтар
0