Әлем

Назарбаев Қырғызстанның жаңадан сайланған президентіне жеделхат жолдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сооронбай Жээнбеков бейсенбі күні 59 жасқа толды

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.   

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі атап өткендей, кеше, 16 қарашада саясаткер 59 жасқа толды.   

Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитінін айтты
"Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біз бауырластық пен ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қарым-қатынасымызды дамыту үшін бірлескен жұмысты жалғастыра беретінімізге сенімдімін. Сіздің игі істеріңіз жемісті болсын, ал күш-қуатыңыз сарқылмасын. Осы сәтті пайдаланып, Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір мен амандық тілеймін", — деп жазылған құттықтау жеделхатында.  

Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда президент болып сайланды. Ұлықтау рәсімі 24 қарашада өтеді.   


Жаңалықтар
0