Әлем

"Әлем аруы-2017" атағы кімге бұйырды?

© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURI "Әлем аруы-2017" Мануши Чхиллар
Әлем аруы-2017 Мануши Чхиллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байқауда Қазақстанның атынан 19 жастағы қызылордалық Гүлбану Әзімханова бақ сынады

АСТАНА, 19 қараша  — Sputnik. Үндістан өкілі Мануши Чхиллар "Әлем аруы-2017" сұлулық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды "Қазақстан" аруының Instagram-дағы ресми парақшасында.  

Конкурс сенбі күні кешке Қытайдың Санья қаласында өтті. 

Конкурс жеңімпазы 21 жаста екені белгілі болды. Мануши Чхиллар екінші және үшінші орынды иеленген мексикалық Андреа Мезу мен британиялық Стефани Хилді басып озды. 

Қазақстандық Гүлбану Әзімханова үздік 40-қа кірді. 

Индонезия, Ресей, Оңтүстік Корея, Ямайка, ОАР, Кения мен Францияның қыздары үздік ондықтан көрінді.  

Байқауға 40 елдің қыздары қатысты.   


Жаңалықтар
0