Әлем

Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, 2 адам қаза болды

© AFP 2024 / BULENT KILICТүркиядағы жедел жәрдем көлігі, архив суреті
Түркиядағы жедел жәрдем көлігі, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алды

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, 2 адам қаза болды, деп хабарлайды 24 хабар. 

Жол-көлік оқиғасы Түркияның Элязыг провинциясында болған. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Тағы 18 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған. 

Жол апаты Эргани – Маден автожолында болғаны белгілі. Ал оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Жаңалықтар
0