Мысырдағы полиция қызметкері, архивтегі фото

Террористер жұма намазы кезінде мешітті жарып жіберді

2832
(Жаңартылды 09:59 25.11.2017)
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан 54 адам қаза болып, 75-сі жарақат алған

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Мысырда Синай түбегінің солтүстігіндегі эль-Ариш қаласына жақын маңдағы мешітте жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости "Йоум7" басылымына сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпарат бойынша, террористер жарылғыш құрылғыны адамдар мешітте жұма намазын оқып жатқан кезде іске қосқан 

МЕНА агенттігінің мәліметінше, жарылыстан 54 адам қаза болып, 75-сі жарақат алған. Ал  Nile News телеарнасы 150 адам зардап шеккенін, оның ішінде балалар көп екенін хабарлады.   

Террористер мешітке баса-көктеп кіріп, бомбаны жарып жіберген. Содан кейін қашып шыққан адамдарға оқ жаудырған.  

Кей мәліметтер бойынша, террористер жаралыларды тасымалдаған жедел жәрдем көлігіне де оқ жаудырған.  

Күш құрылымдары аумақты қоршауға алды. Қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.  


2832
Тақырып:
Мысыр мешітіндегі теракт (4)
Загрузка...