Последствия взрыва в мечети в Египте

Мешіттегі жарылыс кезінде қаза тапқандардың саны 184 адамға жетті

4203
(Жаңартылды 21:10 24.11.2017)
Синай түбегінің солтүстігіндегі үлкен мешітке жұма намазында бес жүз адамға дейін жиналып жүрген

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Мысырда мешіттегі жарылыс кезінде қаза тапқандардың саны 184 адамға жетті, тағы 120-сы жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости мемлекеттік телевидениеге сілтеме жасап. 

Синай түбегінің солтүстігіндегі эль-Ариш қаласына жақын маңдағы ірі мешіттегі жұма намазы кезінде террористер баса-көктеп кіріп, бомбаны жарып жіберген. Содан кейін қашып шыққан адамдарға оқ жаудырған. Әдетте мешітке бес жүз адамға дейін жиналады.   

Кей мәліметтер бойынша, террористер жаралыларды тасымалдаған жедел жәрдем көлігіне де оқ жаудырған.  

Мысыр президенті жағдайды бағамдау үшін салалық министрлермен шұғыл кеңес өткізді. Барлық провинцияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Үш күндік аза тұту жарияланды.  

Күш құрылымдары аумақты қоршауға алды. Қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.   

 #عاجل #سيناء_بلس +18


4203
Тақырып:
Мысыр мешітіндегі теракт (4)
Загрузка...