Зимбабвенің экс-президенті Роберт Мугабе

Зимбабвенің экс-президенті айына 150 мың доллар жалақы алып тұрады

273
(Жаңартылды 15:02 26.11.2017)
Мугабе бірден 5 миллион доллар алады, содан кейін елдің жаңа билігі тағы бірнеше аударым жасайды

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Зимбабвенің экс-президенті Роберт Мугабе өмірінің соңына дейін айына 150 мың доллар жалақы алып тұрады, деп хабарлайды  РИА Новости Guardian газетіне сілтеме жасап. 

"Зимбабве африка ұлттық одағы — Патриоттық майдан" (ZANU-PF) билік партиясының мәліметінше, президенттік лауазымнан кету туралы келісім Мугабеге заңды иммунитет беруді қарастырады, сондай-ақ ақашалай төлемақыға кепілдік береді. Атап айтқанда, экс-президент бірден 5 миллион доллар алады, содан кейін елдің жаңа билігі Мугабеге тағы бірнеше аударым жасайды.  

Газеттің есептеуінше, жалпы алғанда Зимбабве экс-президенті 10 миллион долларға дейін алады. Одан бөлек келісім Мугабеге 150 мың доллар көлемінде ай сайынғы жалақы беруді қарастырады.  

15 қарашада әскерилер Мугабені үйқамаққа алған болатын. Президент отставкаға өз еркімен кетуден бас тартты. Дегенмен ZANU-PF парламентте импичмент рәсімін бастағаннан кейін Мугабе тақты босатуға мәжбүр болды.  

Билік партиясы президенттік лауазымға ұсынған бұрынғы вице-президент Эммерсон Мнангагва бұл қызметті 2018 жылдың тамызында өтетін келесі сайлауға дейін атқарады.   


273
Дәрігер, архивтегі сурет

Ресейдің вирусология орталығы COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді

453
Вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік формада жасалуы тиіс

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Роспотребнадзордың "Вектор" вирусология ғылыми орталығы маусымның соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Известия" газетіне берген сұхбатында орталықтың бас директоры Ринат Максютов хабарлады, деп жазады РИА Новости

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жануарларға жасалған тест нәтижелерін алу жоспарланып отыр және денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық зерттеулерге рұқсат беруін күтуде.

Максютовтың айтуынша, вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік форма алуы керек.

Содан кейін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің толық спектрі мен тіркеуден өтуі қажет. Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцинаны әзірлеумен айналысатын орталық қызметкерлері, сонымен қатар өзі де  вакцина салдырғанын хабарлады. Айтуынша, оларда инфекциядан қорғайтын антидене пайда болған.

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін Санкт-Петербург вакциналар мен сарысу ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары да еңбек етіп жатыр. Препаратты әзірлеу барысында басқа елдерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Гинцбург ресейліктерді жаппай вакцинациялау күздің басында басталып, ол процестің алты айдан тоғыз айға дейін созылатынын хабарлады.

Жаңа коронавирус (COVID-19 тудыратын) алғаш рет желтоқсанның соңында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Наурыздың басында ДДҰ оны пандемия деп таныды. Ұйымның ақпараты бойынша, әлемде 5,3 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 343 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ресейде 353 427 адамнан COVID-19 табылды, оның ішінде 118 798 науқас сауығып шықты, 3 633 қайтыс болды.

453
Кілт сөздер:
Ресей, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейеді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Ми-8, архивтегі сурет

Ресейде Ми-8 әскери тікұшағы құлады - төрт адам қаза болды

50
(Жаңартылды 15:42 26.05.2020)
Оқиға экипаж оқу-жаттығу жасаған кезде болған. Тікұшақтағы техникалық ақау апаттың негізгі себебі ретінде қарастырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр - Sputnik. Бейнебақылау камерасына Чукоткада ресейлік Ми-8 тікұшағының құлаған сәті түсіп қалды. Трагедия, бүгін, 26 мамыр күні таңертең Анадырь әуежайында болған.

Жазбада тікұшақтың ұшқан сәті көрінеді. Алайда ол көкке көтеріле бастаған кезде айнала бастайды. Бірнеше секундтан кейін құлады, деп жазады РИА Новости.

Тікұшақ құлаған кезде жарылыс болып, экипаж бірден көз жұмды. Алдын ала мәліметке сәйкес, 4 адам қаза болған.

Ресейдің қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай астана уақытымен таңғы 8:00-де тіркелді. Трагедияға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Бортта экипаждың үш мүшесі мен техник болған. Қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

 

 

50
Тақырып бойынша
Құрылыс салынбағанда, бәрі аман қалушы еді –" Бек Эйр" ұшақ апаты туралы
Ирандағы трагедия: желіде ұшақ апаты болған жерден жаңа видео жарияланды  
Тоқаев Алматыдағы ұшақ апаты жайлы: маған зардап шеккендер хат жазып жатыр
Түркиядағы ұшақ апаты: жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар бар
Алматыдағы ұшақ апаты: әкім орынбасары қамауға алынды
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

86
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

86
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр