Әлем

Оңтүстік Африкалық бойжеткен 2017 жылғы "Ғалам аруы" атанды

© AP Photo / John LocherҒалам аруы Деми-Ли Нел-Питерс
Ғалам аруы Деми-Ли Нел-Питерс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші және екінші вице-мисс атағына колумбиялық Лаура Гонзалес пен ямайкалық Давина Бенет ие болды

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. "Ғалам аруы-2017" сұлулық конкурсы Лас-Вегас қаласында өтті. Ғаламның ең сұлу аруы атағына Оңтүстік Африка елінен келген 22 жастағы  Деми-Ли Нель-Петерс ие болды, деп хабарлады конкурстың Twitter желісіндегі ресми парақшасы.

Ақ алтын, сапфир мен бриллианттан жасалған тәжді Нель-Петерске "Ғалам аруы-2016" – француз қызы Ирис Миттенар кигізді.

 

Introducing the winner of the 2017 #MissUniverse Competition…South Africa! Congratulations Demi-Leigh Nel-Peters!👑

Публикация от Miss Universe (@missuniverse) Ноя 26 2017 в 7:14 PST

 

Колумбиялық Лаура Гонзалес бірінші вице-мисс, Ямайка елінен келген Давина Бенет екінші вице-мисс атағын жеңіп алды.

Ғаламның ең сұлу аруы атану үшін 89 қатысушы бақ сынасқан.

Жаңалықтар
0