Әлем

Фермерді өлтіріп, мәйітін шошқаға жегізген қазақстандық сотталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСотталушыларға арналған тордағы адам, архивтегі фото
Сотталушыларға арналған тордағы адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам мен оның сыбайласы кінәсін жартылай мойындады

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Ресейде ақша үшін фермерді айуандықпен өлтірген Қазақстан азаматы 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Омбы облысының прокуратурасы. 

 Осы жылдың ақпанында қазақстандық пен оның сыбайласы спирттік ішімдік ішіп, ауыл фермерін тұншықтырып өлтіріп, оның үйінен 200 мың рублді (миллион теңгеден астам) алып кеткен.   

Торайлар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда ірі фермада 120-дан астам шошқа өртеніп кетті
"Қылмысты жасыру үшін ер адам оның мәйітін фермаға әкеліп, шошқаларға жегізген. Олар жасаған қылмысын жартылай мойындады (сотта ұрланған ақшаның көлемі біршама аз болғанын айтты)", — деп жазылған хабарламада.

40 жастағы қазақстандық кісі өлтіріп, артынша оны тонады және денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, тонау қылмысын жасады деп танылды.  

Омбы облыстық соты қазақстандықты қатаң режимдегі түзеу колониясында 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті. Ал оған көмектескен 43 жастағы әйел тоғыз жыл өмірін жалпы режимдегі колонияда өткізеді.  

Прокуратура сотталған Омбы облысының тұрғыны кәмелетке толмаған үш баланың анасы екенін атап өткен.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.   


Жаңалықтар
0