Әлем

Трамп: АҚШ Ислам мемлекетін жеңді

© REUTERS / Kevin LamarqueДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Террористтер жылдам тарайды, бірақ АҚШ тез арада олардың соңына түседі, дейді Трамп

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ Үйде сөйлеген сөзінде Американың Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті"* террористік ұйымын жеңгенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Иерусалим - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеді

"Біз Сирияда жеңдік, Иракта да жеңіске жеттік, бірақ олар өзге аймақтарға тарап жатыр. Олар қаншалықты жылдам тарайтын болса, біз де соншалықты тез іздеріне түсетін боламыз", — деді Трамп қорғаныс бюджетіне қол қою салтанатында.

Дүйсенбі 11 желтоқсанда Ресей әскері Сириядан шығарыла бастады. РФ президенті атап өткендей, сириялық және ресейлік билік өкілдері Ислам мемлекетін* жеңді, дегенмен терроризм қаупі өте жоғары болып қала береді.

*Ислам мемлекеті — Қазақстан, Ресей және басқа да елдерде тыйым салынған террорлық ұйым.


Жаңалықтар
0