Әлем

Нигерияда той үстінде қалыңдықтың 11 құрбысы қаза тапты

© AP Photo / Jossy OlaНигерия
Нигерия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Той кортежінің бір көлігі зор жылдамдықпен шлагбаумға соғылып, салдарынан 11 адам ажал құшты

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Нигерияның Кано қаласында қалыңдықтың құрбылары мінген көлік жол апатына ұшырап, 11 қыз қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

ШҚО-да жол бойындағы автобус - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды

Жол апаты 23 желтоқсанда кешкісін болыпты. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, шлагбаумға соғылған.

Полиция өкілі Кабир Ибрахим Даура хабарлағандай, сегіз қыз апат орнында ажал құшса, үшеуі ауруханада көз жұмған. Тағы үш әйел мен жүргізуші жарақат алыпты.

Бастапқы тергеу нәтижелері бойынша, көлік апатына жылдамдықты шектен тыс асыру себеп болған.

Жаңалықтар
0