Әлем

Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуСыныптағы мұғалім, архив
Сыныптағы мұғалім, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш баланың анасы неге екені белгісіз, төртінші баласына жүкті болған кезде гинекологқа есепке тұрмаған

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Уфада мұғалім мектепте босанып, баланы сөмкеге жасырып қойған, сәби шетінеп кетті, деп хабарлады РИА Новости Башқұртстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.  

Сынып - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Екібастұзда оқушының бұйымын ломбардқа өткізген мұғалім жұмыстан қуылуы мүмкін
Жедел жәрдем көлігі қансыраған әйелді ауруханаға жеткізді. Ол болған жайтты жасырмай айтқан. Оның сөмкесіндегі баланы дәрігерлер тауып алыпты.  

Агенттік дереккөзінің айтуынша, әйел бұған дейін үш баланы дүниеге әкелген, неге екені белгісіз, төртінші баласына жүкті болған кезде гинекологқа есепке тұрмаған.  

Тергеушілер оқиғаның-мән-жайын анықтап жатыр. Әйелдің өзі бала өлі туғанын айтқан.  


Жаңалықтар
0