Әлем

Өзбекстан президенті әлемді өзгертетін 10 көшбасшының қатарына кірді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуШавкат Мирзиёев. Архивтегі фото
Шавкат Мирзиёев. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мирзиёевтің көрші елдермен қарым-қатынасты жақсартуы президент қызметіндегі басты жетістіктерінің бірі ретінде аталып өткен

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өз еліндегі және өңірдегі жағдайды едәуір өзгертуге қабілетті көшбасшылардың тізіміне енді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

Жарықтандыратын шам - Sputnik Қазақстан
Экономика
Өзбекстан Қазақстанға миллиондаған қарызын төледі
Рейтингті Түркиядағы Derin Ekonomi экономикалық басылымының саяси шолушылары жасады. Мамандардың айтуынша, Мирзиёев мемлекет басшысы болып сайланған күннен бастап жалпыға бірдей ырықтандыру, құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды сәтті жүргізіп келеді.   

"Өзбекстанда жаңа басшылық кезінде еркін нарыққа жол ашу, сыртқы сауда мен валюта саясатын ырықтандыруға бағытталған түбегейлі шешімдер қабылданып, елдің шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы жоғарылады", — деп атап өтті шолушылар.

Мирзиёевтің өзге елдермен, ең алдымен көршілермен қарым-қатынасты жақсартудағы саяси шешімі президент қызметіндегі басты жетістіктерінің бірі ретінде аталып өткен.    


Жаңалықтар
0