Чернобыль АЭС

Барлық атом станциясы бір мезетте жарылса, Жер бетінде не болады?

315
(Жаңартылды 13:43 08.01.2018)
Қазір Жер бетінде шамамен 430 стационарлық АЭС пен 200-ге жуық қалқымалы реактор бар

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Ядролық шабуыл немесе табиғи апат салдарынан Жер бетіндегі барлық атом электр стансасы бір мезетте жарылса, ғаламшар 156 жыл бойы елсіз мекенге айналады. Бұл туралы британияық ғалымдардың Journal of Physics Special Topics басылымында жарияланған мақаласында айтылған. 

"Сотня" сериалының 4-маусымының соңында Жердегі барлық ядролық электр стансасы жарылып, хикая кейіпкерлері ядролық апаттан сақтану үшін ғарышқа ұшып кетеді. Сериалдың басты кейіпкері сол кезде ғаламшарға 2199 күннен кейін ғана оралуға болатынын мәлімдеген еді. Біз мұның қаншалықты шындыққа жақын екенін тексеріп көрдік", — деп жазады мақала авторлары. 

БҰҰ мен МАГАТЭ-нің соңғы деректеріне сүйенсек, атом электр стансалары электр энергияның жалпы санының 11%-ын өндіреді. Қазір Жер бетінде шамамен 430 стационарлық АЭС пен 200-ге жуық қалқымалы реактор бар. БҰҰ климатологтарының болжамынша, қазіргі жүзжылдықтың ортасына қарай реакторлар саны екі еселеніп, 898-ге жетеді, деп хабарлайды РИА Новости

Британиялық ғалымдар Чернобыль АЭС пен "Фукусимадағы" апаттардан кейін жиналған деректер негізінде барлық ядролық реактор бір мезетте жарылса, атмосфераға қанша радионуклид бөлінетінін және ғаламшардың адамзат үшін қанша уақыт қауіпті болатынын есептеп көрді. 

Зерттеу бойынша, цезий-137 мен басқа да изотоптардың ауаға таралуынан Жер беті адамзатқа, телехикаяда айтылғандай,  бес жыл емес, бір жарым ғасыр бойы қауіп туғызады. 

Ядролық реактор жарылғаннан кейін алғашқы жылдары радиация деңгейі қалыпты нормадан 35 есеге жоғары болады. Тек шамамен 50 жылдан кейін ғана радиациялық фон шартты қауіпсіз мәнге дейін төмендейді екен. 

Ғалымдар шынайы өмірде мұндай апат болуы мүмкін емес екенін атап өтті – қазіргі ядролық реакторлардың дені бірнеше қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

315
Флешмоб

Россотрудничество биыл қандай реформаларды іске асырмақ?

11
Атауын өзгерту, ТМД елдері студенттері үшін квота санын көбейту, танымал әртістермен жұмыс – бұл агенттіктің жаңа стратегиясының бір бөлігі ғана

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik, Данара Құрманова. "Россотрудничество" агенттігінің жетекшісі болып мемлекеттік дума депутаты, тележурналист Евгений Примаковтың тағайындалғаны осы жылдың маусым айының аяғында белгілі болған еді. Қызметіне кіріскен сәтте-ақ, Примаков мекемеде үлкен өзгерістер болатынын уәде еткен-ді. Бірақ жай-жапсарын 11 тамызда өткен онлайн-дәріс кезінде ғана айтты.

Sputnik агенттіктің жаңа бағдарламасының ең маңызды тұстарын ұсынады.

"Жұмсақ күшке жол жоқ"

Ең алдымен, "Россотрудничество" жаңа басшысы агенттік серіктестерінен "жұмсақ күш" терминінен бас тартуды сұрады. Бұған түбегейлі қарсы екенін жеткізген ол:

"Әуелден бастап  Россотрудничество агенттігін құрудағы мақсат – күш қолдану емес, халықаралық жайлылық пен тыныштықты қамтамасыз ету. Ұйым мәдениетке және білімге бағытталған бағдарламалар арқылы Ресейдің және серіктес мемлекеттердің дамуына алғышарт жасауға мүдделі", - деді.

Сондай-ақ, Примаковтың сөзінше, Россотрудничество алдағы уақытта гуманитарлық араласу идеясынан бас тартады.

"Бұл ескі тұжырым, - деп түсіндірді ол. – Біз гуманитарлық араласу идеясынан гумантиралық ықпал етуге көшетін боламыз. Бұл өз кезегінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі".

Жаңа тұжырымдаманың нақты мысалы ретінде Бейруттегі трагедияны келтірді. Агенттік алғаш рет зардап шеккендерге дәрігерлер жіберуге қатысты. Примаков бұл акцияның символдық мәні бар екенін, дәл осындай акциялар шетелдің Ресейге достық ниетпен қарауына әсер ететінін айтты.

Нон-стоп режиміндегі жұмыс

Евгений Примаков ашық дәрісін өткізбес бұрын 1 ай бойы Россотрудничество жұмысын зерттеп, нәтижесінде агенттікті реформалауды орыс клубтарынан бастаған жөн деген қорытындыға келген.

"Олар іс-шаралар кезінде ғана емес, үнемі жұмыс істеуі керек. Яғни, қатысушылар кез келген уақытта кездесіп, бір-бірімен араласып, болмаса кітап оқи алатындай болуы қажет. Бұл шетелдегі орталықтар Ресеймен қарым-қатынаста болғысы келетін адамдар үшін жасалып отырған жоқ па?".

Примаковтың пікірінше, әрбір клубтың жұмысы тек жастарға ғана емес, ересек адамадарға да лайықталып ұйымдастырылуы керек.

"Бізге тек шәй ішумен ғана шектелетін іс-шаралар қажет емес", - деген Евгений Примаков агенттік қызметкерлерін "Орыс музыкасы күні", "Орыс тұшпарасы күні" іспетті идеялардан аулақ болуға шақырды.

Евгений Примаков младший
© Sputnik / Илья Питалев
Евгений Примаков

Бірақ, орыс клубтарының жұмыс режимін өзгертуде бір түйткіл бар. Көптеген орыс орталығы РФ елшіліктерінің ғимаратында орналасқан. Кіріп-шыққанда қиындық туындайды.

"Сондықтан жұмысты жаңа жүйені енгізуге мүмкіндігі бар орталықтардан бастайтын боламыз",  - деді Примаков.

Танымал адамдар тартылады

Россотрудничество агенттігіне тыңғылықты продюсерлік жұмыс қажет. Агенттіктің негізгі аудиториясы – жастар, ал жастарды заманауи музыка, кітаптар, фильмдер, сериалдар сияқты поп-мәдениет салалары қызықтырады.  Осылайша, болашақ студенттер орыс мәдениетіне қызығушылық танытуы мүмкін, деп есептейді Евгений Примаков.

"Шекспир шығармаларының түпнұсқасын оқу үшін ағылшын тілін үйрене бастағандар аз, бірақ мұндай адамдар бар, - деді агенттік жетекшісі. – Қазіргі  жастар үшін тіл – әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктің қайнар көзі".

Осыған байланысты, Россотрудничество шетелдегі іс-шараларға танымал әртістерді шақыру керек, деді Примаков.

"Шағын ғана өнер ұйымдарынан бөлек, үнемі ел аузында жүретін әртістерді тарту керек", - деді ол.

Жаңа атау

"Россотрудничество" деген атау да заманауи емес, орыс тілін еркін меңгермеген адам үшін түсініксіздеу. Сондықтан агенттікке ребрендинг қажет. Әрі мекеменің ғана емес, ресейлік ғылым және өнер орталықтарының (РЦНК) да атауын өзгерту керек.

"РЦНК – "Россотрудничество" сияқты өте ауыр аббревиатура. Шетелдіктер үшін бұл өте қиын сөз", - дейді Примаков.

Мекеме "ТМД, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық әріптестік істері бойынша федералдық агенттік" деген ресми атауын сақтап қалады. Тек сыртқы брендын ғана орыстілді емес аудитория үшін өзгерту керек. Агенттіктің атауын өзгерту қажетсіз шығындарға алып келеді. Ал, бұл қаржыны басқа пайдалы дүниеге жұмсауға болады, деп есептейді Примаков.

Қорыта айтқанда, Примаков стратегиясының басты факторы ұтымдылық пен экономия секілді. Ол жаңа аббревиатураны әзірлеу үшін бренд-менеджерлерді жалдауды жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына ашық конкурс өткізбек. Сөйтіп, Россотрудничество арқылы ресейлік университеттерге оқуға түскен студенттер агенттіктің жаңа атауын ойлап табады.

ТМД аумағындағы жұмыс

Дәріс соңында Евгений Примаков "Россотрудничество" жаңа жобалармен айналысса да, ресейлік білімді алға ілгерілетуге үлес қосатынына сендірді.

"РФ президентінің жарлығына сәйкес, алдағы бірнеше жылда шетелдік студенттерді тегін оқыту квотасы 2 есе көбейеді. Қазір олардың жалпы саны 15 мыңды құрайды", - деді ол.

Сонымен бірге, агенттік Ресей және орыс тілімен байланысты білім беру жобаларын қолдауға ұмтылып отыр. Ол ірі университеттің немесе шағын ғана балабақшаның жобасы болуы мүмкін.

Бұдан бөлек,  Россотрудничество аналитикаға көбірек көңіл бөлмек. Бұл жастардың қызығушылығын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бұл үшін агенттік өз сайтын түбегейлі өзгертпек.

11
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

32
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

32
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 13 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 13-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченконың онлайн-брифингі. Тақырыбы: "Самұрық-Қазына" АҚ қызметіндегі бүгінгі тәуекелдер. Аккредитация: press@sk.kz, +7 700 545 02 01.

12:00 – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысы Тимур Мұратов пен "Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов #ANTIKOR жобасы аясында ANTIKOR ORTALYǴY алаңында Facebook-те "Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау саласын дамыту" тақырыбында онлайн-диалог өткізеді. Сұрақтарды тікелей эфирде пікір ретінде қалдыруға болады.  

12.20 - Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, "Ұлтық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.

19.00 – "Жаз әуендері" жобасы аясында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

14 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

15 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың барлық санаты арасында шахматтан ашық онлайн турнир. Жарысқа есту, көру және тірек-қимыл кемістігі бар спортшылар қатыса алады.  Жарыстар Қазақстанда 2020 жылы 16 тамызда аталып өтетін Спорт күніне орайластырылған. Турнирді Нұр-Сұлтан әкімдігінің бұқаралық спорттық шаралар дирекциясы Мүгедек спортшыларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. (+7 701 641 36 58 телефоны арқылы тіркелуге болады).

18.00 – "Бетховен – Бессмертие - Любовь" балеті, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да).

19.00 - Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.


0