ұрыс-керіс, архив суреті

Көзге шөп салған ерлі-зайыптыларды қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды

1567
(Жаңартылды 08:57 29.01.2018)
Соңғы уақытта Тәжікстанда қызғаныш салдарынан адам өлтіру жиілеп кеткен

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Тәжікстанда көзге шөп салғаны үшін ерлі-зайыптыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс қарастырылады, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. 

Бұл туралы Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.  

Баспасөз мәслихатында журналистердің бірі соңғы уақытта республикада қызғаныш салдарынан адам өлтіру жиілеп кеткенін айтқан. Оның пікірінше, осыған байланысты опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу керек. 

Өткен жылы қазанда полицейлер 56 жастағы ауыл тұрғынын ұстайды. Ол 40 жастағы бұрынғы әйелінің жұмысына келіп, қызғаныштан оны 19 жерден пышақтап тастайды. Әйел сол жерде жан тапсырады. 

Сондай-ақ былтыр жылдың соңында тәртіп сақшылары адам өлтірді деген күдікпен 51 жастағы Тұрсынзаде қаласының тұрғынын қамауға алады. Ішіп алған ер адам бұрынғы әйелінің үйінде жанжал шығарып, оны пышақтап, қашып кеткен. 


1567
Кілт сөздер:
көзге шөп салу, ерлі-зайыптылар, Тәжікстан
Загрузка...