Әлем

Кабулдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 95-ке жетті

© REUTERS / Mohammad IsmailЗардап шегуші
Зардап шегуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауғанстаның билік өкілдері терактіге қатысы бар төрт күдіктіні ұстаған

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Кабулдың дипломатиялық ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 95 адамға жетті, тағы 158 адам зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости 1TV арнасына сілтеме жасап.

Intercontinental Hotel - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ауғанстанда содырлар шабуылы кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты

Сенбі күні Кабулда шетелдік елшіліктер орналасқан ауданда жарылыс болды. БАҚ мәліметінше, жарылысты миналанған жедел жәрдем көлігімен лаңкес ұйымдастырған.

Басында қырық адам қаза тапты деп, кейін 63 жанның құрбан болғаны айтылды.

Ауғанстанның құқық қорғау органдары төрт адамның қамауға алынғанын хабарлады. "Талибан" радикалды қозғалысы жарылыс үшін жауапкершілікті мойнына алған.

Жаңалықтар
0