Ер адамның қолындағы бала

Зертхананың қателігінен бір отбасының ойраны шықты

2741
(Жаңартылды 09:51 09.02.2018)
Зертхана мамандары ДНҚ тесті нәтижелерін шатастырып алған – ер адам әйелімен ажырасып, ұлын тастап кетті

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Беларусь тұрғыны әйелінің адалдығына күмәнданып, ұлының өзінікі екеніне ДНҚ тесті арқылы көз жеткізбек болады. Зертхана қорытындысы бойынша бала басқа біреуден болып шыққан, оған ашуланған отағасы әйелі мен ұлын тастап кеткен. Дегенмен тест нәтижесі қате екені анықталып отыр, енді ол мемлекеттік комитеттің зертханасымен соттасып, өтемақы талап етпек, деп хабарлайды  TUT.BY порталы.

Белгілі болғандай, ер адам бұрынғы әйелі қайта қосылғысы келмегендіктен ажырасуға шешім қабылдаған. Баламен де қарым-қатынасын үзіп алған.  

"Ол құжаттарды көріп, есеңгіреп қалдым. Оның баласы екеніне 100% сенімді болдым, сондықтан қайта сараптама жасатайық дедім. Алайда ол (баланың әкесі – ескерт.) тіпті естігісі де келген жоқ ", — дейді 24 жастағы әйел.

Әйел Могилевская облысындағы мемлекеттік сот сараптама комитетінің бсқармасында қайта сараптама жасатуға күйеуін көндірген. Сарапшылар бұл жолы әке мен баланың туыстық деңгейі 99,999993%-ды көрсеткенін хабарлайды. 

"Мен оларға егер отбасымның шырқы бұзылмаса, жіберілген қателікті ұмытамын, олай болмаса сотқа шағымданамын деп кесіп айттым. Екі отбасының нәтижелерін шатастырып алған болып шықты. Маған баланың әкесі емессің деді, тағы бір әкеге өзінің баласы екенін айтқан, шындығында олай емес. Қарашада әйелім кешірімейтіні түсінікті болды, сондықтан Бобруйск сотына шағым түсірдім. Сапасыз қызмет көрсеткені үшін 25 мың рубль моральдық өтемақы өндіріп беруін сұрадым. 2018 жылдың 30 қаңтарында сотта жеңіп шықтым, ДНҚ тестке жұмсалған 232 рублді, адвокаттың қызметіне төленген 700 рублді қайтарып берді, ал моралдық өтемақы ретінде 200 рубль ғана алдым. Мен мұнымен келіспеймін", — деп мәлімдеді ер адам.

Қазір ер адам баласымен қарым-қатынас жасамайды, енді соттың шешіміне жоғары инстанцияға шағым түсірмекші.   


2741
Загрузка...