Зертхана

Дәрігерлер зәр орнына шай тапсырған "науқасқа" нәтижесін жазып берген

3735
(Жаңартылды 12:29 09.02.2018)
Ескертуден кейін зертхананың сегіз қызметкері жұмыстан қуылған

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Арменияның Масис қаласында аурухана директоры Нунэ Аванесян зәр анализі ретінде шай өткізіп, "зерттеу қорытындысын" алған, деп хабарлайды "Арменпресс". 

"Мен әр түрлі атпен қан тапсырып, әр түрлі жауап алдым, зертханаға зәр анализінің орнына шай тапсырып едім, анализдің "қорытындысын" шығарып берді, онда қанның құрамындағы барлық жасуша компоненті: эритроцит, лейкоцит, эпителия бар болып шықты", — дейді ол. 

Аванесянның айтуынша, зертхананың ұқыпсыз қызметкерлеріне бірнеше рет ескерту жасалған. Он бес адамның сегізі қазірдің өзінде жұмыстан қуылды, деп түсіндірді ол.   


3735
Загрузка...