Әлем

Мектептегі атыстан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды

© AFP 2024 / Michele Eve SandbergФлорида мектебіндегі атыс
Флорида мектебіндегі атыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза тапқандардың есімі олардың жақындарына суыт хабарды жеткізген соң жарияланды

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Флоридадағы Броуард округының шерифі Скотт Исраэл мектептегі атыс кезінде қаза тапқан он жеті адамның есімін атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, күдікті Николас Круз мектепке таксимен келіпті. Атыстан кейін мылтығын тастап, мектептен шыққан да, адамдардың қалың тобы арасында жүрген. Біраз уақыт Walmart супермаркетінде жүріп, Subway дәмханасына барған, кейін McDonalds-та отырған.

Қырық минуттан соң дәмханадан шыққанында, оны полиция ұстады. Круз қарсылық көрсеткен жоқ.

Жаңалықтар
0