Әлем

СІМ: Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда

© Sputnik / Марина ЛысцеваӘуежайдағы жаяу жүргіншілер жолының белгісі, архивтегі фото
Әуежайдағы жаяу жүргіншілер жолының белгісі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Иранда 66 адам отырған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Иранда құлаған жолаушылар ұшағында қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Airbus A330 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Иранда 66 адам мінген ұшақ құлады
"Иранда құлаған лайнерде Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда. Әзірге ондай мәлімет келіп түскен жоқ", — деді Жайнақов. 

Айта кетсек, Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Тегеран-Ясудж ішкі рейсін орындаған. Иран билігі әуе кемесінде 60 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болғанын хабарлады. 

Құлаған ұшақ ирандық Aseman Airlines компаниясына тиесілі.

Жаңалықтар
0