Әлем

Трансгендерлер Сауд Арабиясына қажылыққа барғалы отыр

© SputnikҚажылық
Қажылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трансгендерлер арнайы дайындықтан өтіп, бойскауттар қатарына қосылады

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Пәкістан тарихында алғаш рет трансгендерлер Сауд Арабиясына қажылыққа бармақ, деп жазады NDTV.

Трансгендер Виктория Берікқожаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда сотталған трансгендер әйелдер колониясына жіберілмек

Кем дегенде екі немесе үш трансгендер 150 адамнан тұратын еріктілер тобына қосылады.

"Әуелі физикалық дайындық пен сынақтан тұратын іріктеу кезеңінен өтуі тиіс. Бұл кезеңнен өткен жастардың тізімі дін істері министрлігіне бекітуге жіберіледі", — деді Синд Атиф провинциясындағы бойскауттар қозғалысының комиссары Амин Хусейн.

Хусейннің сөзіне сүйенсек, Синдта тұратын 40 трансгендер Пәкістанның бойскауттар қауымдастығы құрамына кіреді екен.

"Бұл ойынның ережесін өзгертіп, қоғамның көзқарасына елеулі ықпал етуі мүмкін", — дейді комиссар.

Жаңалықтар
0