Індет

Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр

751
ДДСҰ "Икс ауруымен" күресудің амалын қарастыруда

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемді жаңа жаһандық індет жайлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазір ғалымдар аурудың тарауына әкеп соғатын ең көп таралған патогендерді зерттеп жатыр. Олардың айтуынша, бұл адамзатқа бұрыннан белгілі вирустық геморрагиялық індеттер (Эбола, Ласса және тағы басқа) немесе әлі анықталмаған инфекция болуы мүмкін. 

Аты да заты да белгісіз аурудың пайда болуына себепші болатын "қайнар көздер" жетерлік: бұл мутацияға ұшырап тұратын белгілі инфекциялар, мәселен Зика вирусы, және жануарлардан адамға жұғатын зоонозды инфекциялар. Сондай-ақ жасанды вирустар – биологиялық қару да адамзатқа қауіп төндіреді. 

Сарапшылар кез келген қатерге дайын болу үшін "Икс ауруымен" күресудің әдістерін жан-жақты талқылап, әзірлеп жатыр. Әйтпесе, ДССҰ ескерткендей, жаңа індет ХХ ғасырдың басындағы "испанка" тұмауы сияқты адамзатты қырып-жоюы мүмкін. "Испанка" тұмауынан екі жыл ішінде бірнеше ондаған миллион адам көз жұмған еді.

751
Кілт сөздер:
ғалымдар, вирус, жаһандық індет, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі фото

Ауруханаға түскен Алмазбек Атамбаевқа қатысты тың ақпарат шықты

253
(Жаңартылды 09:45 10.07.2020)
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті дәрігерлер кеңесе келе, экс-президентті камераға қайтаруға болады деген шешім қабылдағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа бір аптадан астам уақыт бұрын екі жақты пневмония диагнозы қойылып, ауруханаға жеткізілді, алайда ол қазір тергеу изоляторына қайтарылды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.  

"Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің кеңесі өтіп, оны ҰҚМК тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Дәрігерлер оны бақылап отырады", - деп хабарлады Sputnik Қырғызстан тілшісіне мемлекеттік комитет.  

30 маусымда Атамбаевтан пневмония анықталды. Ол Президент іс басқармасы мен үкіметтің клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Атамбаев COVID-19 індетіне ПТР-тест тапсырды, вирус жұқтырмаған. Ауруханаға түсерден бір күн бұрын денсаулығы нашарлағанын айтқан.

Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды? 

Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан президенті болды.

2020 жылы маусымда ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

253
Кілт сөздер:
түрме, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды
Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді
Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды
Жайылымда жүрген сиырлар, архивтегі сурет

Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

905
Қазақстан азаматтары Моңғолия мен Қытайда обаның өршуіне байланысты алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Моңғолия мен Қытайда оба өршіді. Арнайы түсініктеме берген ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тарихи аумақ тұрғысынан алғанда Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы болып тұр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемде ірі қара обасының жағдайын қауіпсіз деп таныды. Барлық елдерде мұндай мәртебе бар",– деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

"Мемлекеттік ветеринарлық инспекция бірқатар бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ профилактикалық шаралар мен диагностикалық сынақтарды жүргізеді. Аурудың алғашқы белгісі анықталғаннан бері жағдай бақылауда",– деп түйіндеді Әбілқасымова.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

Бұған дейін Қытай билігі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында қойшының бубон обасымен ауырғаны туралы хабарлады. Ал Моңғолияда аталған ауруға күдіктенген үш жағдай анықталды.

Айта кетейік, бубон обасы бактериядан туындайды және антибиотиктермен тиімді емделеді.

905
Кілт сөздер:
Қытай, Моңғолия
Тақырып бойынша
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Моңғолия президенті барлық зейнеткердің кредитін жауып берді
Ірі қара малдың 2 мың терісі тиелген жүк көлік Қырғызстан шекарасында тоқтатылды
Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?
Байқоңыр маңында оба анықталған жоқ
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

0
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

0