Әлем

Стюардесса жолаушылар ұшағынан құлап кетті

© PhotoҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам Дубайға ұшқалы тұрған ұшақтан құлап кеткен

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Emirates ұшағының стюардессасы апаттық жағдайда шығатын есіктен құлап, алған жарақатынан қаза тапты.

Алтын құйма - Sputnik Қазақстан
Әуежайдан ұшып шыққан ұшақтан алтын шашылды

Оқиға Уганданың Энтеббе қаласында Emirates — EK 730 рейсін ұшуға дайындау кезінде болған.

"Ұшақ экипажының мүшесі Энтеббе халықаралық әуежайынан ұшар алдында апаттық шығу есігін ашып, ұшақтан секіріп кетті", — деп жазады Daily Monitor.

Әйел адам алған жарақатынан көз жұмған. Оқиғаның себептері әлі белгісіз, бірақ куәгерлер әйелдің өз-өзіне қол салған болуы мүмкін екен айтады. Қаза тапқан стюардессаның қолында әйнек бөтелкеге ұқсас зат болған. 

"Тізесі жарақаттанған, денесінде тіліктер болды", — дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Компанияның ресми өкілдері, баспасөзге хабарлама дайындап жатқандарын әрі тергеумен өзара байланыста екендерін айтты.

Жаңалықтар
0