Футбол добы

Кеудесіне доп тиген футболшы көз жұмды

218
Трагедияның нақты себебі әзірге белгісіз, ол үшін мәйітті сойып тексеру керек

АСТАНА, 25 наурыз — Sputnik. Хорватия чемпионатында "Марсония" және "Славония" арасындағы матч кезінде футболшы Бруно Бобан доптың соққысынан көз жұмды, деп жазды HRT Sport.

15-минуттта қатты келген доп Бобанның кеудесіне тиген. "Марсония" ойыншысы құлап түсіп, оның айналасына футболшылар жиналып қалған. Алғашқы көмекті клуб дәрігері көрсетті, кейін жедел жәрдем келген, дегенмен 25 жастағы жартылай қорғаушы есін жимаған.  

Трагедияның нақты себебі әзірге белгісіз. Ол үшін мәйітті сойып тексеру керек.  

Бобан "Загреб" командасында жүргенде көпке таныла бастаған, сондай-ақ "Славонияда" ойнады. Осы маусымда оң қапталдағы жартылай қорғаушы 12 гол соққан.  


218
Загрузка...