Әлем

Жүргізуші әйелі мен ұлын қағып кеткенін білмей, апат орнынан қашып кетті

© Sputnik / Сергей Кузнецов / Медиабанкке өтуЖол апатының архивтегі фото
Жол апатының архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел баласын ертіп кешкі асқа туыстарының үйіне электр скутермен келе жатады

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Қытайда мас жүргізуші әйелі мен ұлын қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті, деп жазды The Daily Mail

Жол апаты болған жер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте 58 жастағы жүргізуші туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Жантүршігерлік трагедия Шандунь провинциясының Цзыбо қаласында болған. Әйел баласын ертіп кешкі асқа туыстарының үйіне электр скутермен жолға шыққан. Осы уақытта оларды қарсы тараптан үйіне келе жатқан отағасы фургонмен қағып кетеді.

Жол апатына кінәлі бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Бала сол жерде жан тапсырды, ал әйел ауыл хәлде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.  

Ер адам бірнеше сағаттан кейін ұсталды. Полицейлер оған әйелі мен ұлын қағып кеткенін хабарлаған. Жүргізуші ауыр қайғы мен ұяттан айқайлап жіберген.  


Жаңалықтар
0