Әжетхана қағазы

Ғалымдар әжетхана қағазынан бас тартуға шақырды

5889
(Жаңартылды 09:42 17.04.2018)
Шетелдік зерттеушілер әжетхана қағазы адам денсаулығына қауіпті екенін мәлімдеді
АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Бүгінде адамның өмірін әжетхана қағазынсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен таяуда медицина саласындағы батыс сарапшылары бұл өнім біздің денсаулығымызға кері әсер етеді деген қорытындыға келді, деп жазды woman.ru.

Шетелдік зерттеушілер қоғамды сенсациялық жаңалықтарымен таңғалдырудан жалығар емес. Таяуда сарапшылар әжетхана қағазы гигиенаға сай емес және адам денсаулығына қауіпті екенін мәлімдеді. Өйткені бұл өнімдегі лас қалдықтар толық жойылмайтын көрінеді, керісінше, ол ауру тудыратын бактериялардың таралуына жол ашады.

Британиялық The Sun басылымы Роуз Джордждың "Үлкен қажеттілік" кітабына сілтеме жасай отырып, әжетхана қағазынан бас тарту дұрыс шешім болатынын жазды. Әйтпесе зәр шығару жолдары мен анал жарықшақтарына инфекция түсуі мүмкін. Оның орнына сарапшы биде (шағын ванна) немесе балаларға арналған ылғалды майлықтарды қолдануға кеңес берді. 

5889