Сирия

Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды

108
(Жаңартылды 17:52 18.04.2018)
БАҚ мәліметінше, Израиль Хомс провинциясындағы "Шайрат" әуе базасын атқылаған. Шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Сирияның Әуе қорғанысы жүйесі Хомс төңірегінде зымырандардың көзін жойды, деп хабарлайды САНА сириялық ұлттық агенттігі тілшіге сілтеме жасап.

"Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Хомс аумағында әуе тыныштығын бұзған зымырандардың көзін жойды", — делінген хабарламада.

Жергілікті БАҚ мәліметіне сүйенсек, Хомс провинциясында Шайрат базасына бағытталған тоғыз зымыран жойылыпты. Шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Пентагон өз кезегінде бұл ауданда ешқандай әскери операция жүргізбегенін мәлімдеді.

Кейінірек Аль-Масдар ақпараттық порталы зымырандар Израильге тиесілі екенін хабарлаған.


108
Кілт сөздер:
зымыран шабуылы, Сирия
Загрузка...