Әлем

Трамп АҚШ пен Ресей әскерилері қақтығысып, көп адам өлгенін мәлімдеді

© AFP 2024 / Mary Schwalm Дональд Трампты суретке түсіріп жатыр
Дональд Трампты суретке түсіріп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ президентінің айтуынша, бұл оқиға бірнеше апта бұрын болған

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Дональд Трамп журналистерге Сириядағы АҚШ және Ресей әскерилері арасында қақтығыс болғанын айтты, деп жазды РИА Новости.  

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин Назарбаевқа қоңырау соқты

"Біз бұл туралы біраз уақыт бұрын айттық, таяуда, бір ай бұрын Сирияда біздің әскерлер мен Ресей әскерлері арасында үлкен қақтығыс болды. Өте қайғылы жағдай. Бұл айқаста көп адам қаза болды", — деп мәлімдеді АҚШ басшысы премьер-министр Синдзо Абэмен келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында. 

Ақпанда кейбір батыстық БАҚ Сирия үкіметтік әскерлері коалиция күштерінің соққысынан ресейлік әскерилер қаза болғанын хабарлаған болатын, дегенмен Пентагондағылар ресейліктердің қаза тапқанын растай алмады.   

Ресейдің сыртқы істер министрлігі америкалық әскерлер Ресей әскерилерін өлтіргенін жоққа шығарып, жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, әскери қақтығыстар барысында Ресей және ТМД елдерінің азаматтары қаза тауып, жарақат алғанын, алайда олардың арасында әскери қызметкерлер болмағанын атап өтті.    


Жаңалықтар
0