қария, архив суреті

Әлемдегі ең қарт бойдақ адам қайтыс болды

376
(Жаңартылды 21:08 21.04.2018)
122 жасында өмірден озған қария ешқашан үйленбеген

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Әлемдегі ең қарт адам — Чили азаматы Селино Вильануэва Харамильо 122 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп жазады британдық The Guardian газеті. 

Харамильо өкпесіне келген зақымнан көз жұмды. Бір апта бұрын ол керуеттен құлап, үш қабырғасын сындырған. Оның біреуі өкпесіне қадалыпты. Қарияға шұғыл операция жасап, жансақтау бөлімшесіне жатқызған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қаламыз деп ойлаған, бірақ әлемдегі ең қарт адам көп ұзамай өмірден озды. 

Басылымның хабарлауынша, Харамильо 1896 жылы 25 шілдеде дүниеге келіпті. Бірақ бұл ақпаратты растайтын ресми құжаттар сақталмаған. Ол ешқашан үйленбеген және ешбір туысы жоқ. 


376
Кілт сөздер:
қайтыс болды, әлемдегі ең қарт адам, қария
Загрузка...