WhatsApp

WhatsApp басшысы қызметінен кетті

243
(Жаңартылды 11:24 02.05.2018)
WhatsApp мессенджерін пайдаланатындардың саны бүгінде бір миллиардтан асты

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. WhatsApp мессенджерінің негізін қалағандардың бірі және компания басшысы Ян Кум қызметінен кеткенін мәлім етті. 

"Брайан Актон екеуіміздің WhatsApp-ты құрғанымызға он жыл болып қалды. Бұл ең жақсы адамдармен бірге жасаған керемет саяхат болды. Бірақ маған әрі қарай жылжу керек. Мен адамдардың WhatsApp-ты барынша көп пайдаланып жүрген кезеңде кетіп бара жатырмын", — деп жазған Ян Кум әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол "осы саяхатта бірге болған" барлық адамға алғысын білдірді.

Washington Post газетінің хабарлауынша, Ян Кумның мұндай шешім қабылдауына Facebook компаниясымен арада туындаған келіспеушілік себеп болып отыр.

WhatsApp мессенджерін пайдаланатындардың саны бүгінде бір миллиард адамнан асты.

Facebook компаниясы WhatsApp-ты 2014 жылы 21,8 миллиард долларға сатып алды.

 

243
Кілт сөздер:
қызметінен кетті, WhatsApp басшысы, Ян Кум
Загрузка...