Дональд Трамп

Трамп денсаулығы туралы анықтаманы өзі айтып жаздырды - дәрігер

61
(Жаңартылды 20:35 02.05.2018)
Екі беттік медициналық анықтамада Трамптың өте қайратты екені, АҚШ-тың денсаулығы ең мықты президенті болатыны жазылған

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. 2016 жылғы сайлау алды кампаниясында Дональд Трамп денсаулығы туралы анықтаманың мәтінін өзі құрастырды, деп мәлімдеді сол кездегі Трамптың дәрігері Харольд Борнстейн.

"Бұл хаттың мәтінін өзі айтып тұрды, мен жазған жоқпын. Іс барысында ойдан шығардым", — деп мәлімдеді Борнстейн CNN арнасына.

Екі беттік анықтама көпшіліктің келекесіне айналған болатын, өйткені онда "аса қайратты әрі төзімді" және "АҚШ президенттігіне үміткер денсаулығы ең мықты адам" деп жазылған.

Борнстейн мәлімдегендей, Трамптың жеке оққағары кеңсесінен анықтаманы ұрлап әкеткен. АҚШ президентінің баспасөз хатшысы  Сара Сандерс сейсенбі күні хабарлағандай, Ақ үй бұл құжатты заңды түрде алыпты.

61
Кілт сөздер:
анықтама, дәрігер, Дональд Трамп, АҚШ
Загрузка...