Сауда үйіндегі эскалатор

Жас ана селфиге түсемін деп баласын өлтіріп алды видео

2110
(Жаңартылды 10:59 14.05.2018)
Қайғылы оқиға Үндістандағы сауда үйінде болды

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Үндістанда әйел сауда үйіндегі эскалатордан 10 айлық қызын құлатып алды. Салдарынан сәби сол жерде көз жұмған, деп хабарлады РЕН ТВ.

Видеожазбадан баласын иығына алған әйел күйеуімен бірге эскалаторға мінген сәті көрінеді. 

Куәгерлердің айтуынша, күйеуі оған селфиге түсуін өтінген – әйел қас-қағым сәтте тепе-теңдікті жоғалтып, баласын құлатып алған.   

Супермаркетке келушілер мен ата-анасы жанұшыра көмекке жүгіреді, алайда бәрі кеш еді, сәби алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.


2110
Загрузка...