Әлем

Мейрамханаға түскі ас ішуге келген ер адам көлігімен қызын басып өлтірді

© AP Photo / Courtesy of WSOC-TV 9Солтүстік Каролинада мейрамханаға түскі ас ішуге келген ер адам көлігімен қызын басып өлтірді
Солтүстік Каролинада мейрамханаға түскі ас ішуге келген ер адам көлігімен қызын басып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға өткен жексенбі күні болды. Қазіргі таңда полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында жүргізуші көлігімен мейрамхана ғимаратына бұзып кірді, екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

Өрт сөндіру көлігі қызды қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда өрт сөндіру көлігі он жасар қызды басып кетті

Gaston Gazette басылымы хабарлағандай, оқиға өткен жексенбі күні Бессемер Сити қаласындағы мейрамханалардың бірінше жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00 шамасында (Астана уақытымен 22.00) болған. Куәгерлердің айтуынша, отбасы мейрамханаға түскі ас ішуге кірген, біраз уақыттан кейін отағасы орнынан тұрып, мейрамханадан шығып кеткен, ол сыртта тұрған көлігіне отырып, мейрамхананың ғимаратына соғылған, деп жазды БАҚ.   

Басылымның мәліметінше, оқиға салдарынан күдіктінің қызы және отбасы мүшелерінің бірі қаза болды. Қазіргі таңда полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр.  


Жаңалықтар
0