Әлем

Аптап ыстықтан 65 адам көз жұмды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуКүн, аптап
Күн, аптап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пәкістанда осыдан үш жыл бұрын ми қайнатар аптапта 1300 тұрғын бақилық болған еді

АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Пәкістанның оңтүстігіндегі портты қала Карачиде аптап ыстық салдарынан соңғы үш күнде 65 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы хабарлады, деп жазды Хабар 24.

ауа-райы болжамы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дабылды ескерту: Қазақстанның батысында аптап ыстық болады

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, дүйсенбі күні сынап бағанасы 44 градус ыстықты көрсеткен. 

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері аyа райы температурасы бірқалыпты болып қалады. Сондықтан жағдай одан ары ушығуы мүмкін деп дабыл қақты. 

Айта кету керек, бұл қапырық ыстық Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Қайтыс болғандардың дені – Карачидің әлеуметтік жағдайы төмен аудандары тұрғындары. Әзірге үкімет ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда Пәкістан халқы 2015 жылғы оқиғаның қайталануы мүмкін екенін айтады. Осыдан үш жыл бұрын ми қайнатар аптапта 1300 тұрғын бақилық болған еді.


Жаңалықтар
0